Proxmox VE деген не?

Proxmox VE — бұл серверде бірнеше виртуалды серверді (виртуалка) іске қосуға мүмкіндік беретін жүйе. Яғни, бір физикалық серверде бірнеше жүйе қатар жұмыс істей алады.

Бұл — бизнеске арналған тиімді, тегін, ашық кодты виртуализация платформасы. Windows Server, Ubuntu, 1С сервер — бәрін бір Proxmox арқылы басқаруға болады.

Proxmox интерфейсі
🖥 Бірнеше сервер — бір құрылғыда

Бір физикалық серверде бірнеше жүйе орнатып, ресурсты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

🔄 Тез қалпына келтіру

Серверді клондау, резервті көшіру, қайта жүктеу — барлығы жылдам әрі ыңғайлы.

💰 Шығынды азайтады

Қосымша серверлер сатып алмай-ақ, бар серверді толық пайдаланыңыз.

Proxmox архитектурасы

Proxmox кімге пайдалы?

  • 📌 Бірнеше сервері бар компаниялар
  • 🧩 Windows + Linux жүйелерін қатар қолданатын ұйымдар
  • 💼 Сервер кеңістігі мен ресурсын үнемдегісі келетіндер

Біз Proxmox VE орнатып, конфигурация жасап, 1С, пошта, VPN сияқты жүйелерді виртуализация арқылы іске қосып береміз.

Proxmox Backup интерфейсі

Proxmox Backup Server

Proxmox Backup Server — бұл виртуалды машиналарды, контейнерлерді және физикалық серверлерді сақтық көшіру мен қалпына келтіруге арналған корпоративті шешім.

Инкременталды көшірме, толық дедупликация, шифрлау және деректер бүтіндігін сақтау — осының бәрі сақтық көшірмені сенімді әрі тиімді етеді.

💾 Деректеріңізді қауіпсіз түрде сақтауға дайынсыз ба?

Proxmox Mail Gateway

Proxmox Mail Gateway

Proxmox Mail Gateway — спам, вирус, фишинг және трояндарға қарсы поштаны қорғайтын ашық кодты қауіпсіздік шешімі.

Бұл жүйе брандмауэр мен ішкі пошта серверінің арасында орнатылады. Барлық кіріс және шығыс хаттар бір жерден бақыланады.

📧 Корпоративті поштаңызды кәсіби түрде қорғаңыз!